Солтүстік-Батыс A&F университетімен (Қытай) ынтымақтастық

23 сәуір, 2024

Биотехнология кафедрасының доценті Нармуратова М.Х. ҒӨК «Antigen» ЖШС әріптестерімен 2024 жылы 15-20 сәуір аралығында Янлинг қаласындағы (Қытай) Солтүстік-Батыс A&F университетінде болды. Сапар мақсаты биотехнология, азық-түлік қауіпсіздігі және ветеринария саласында бірлескен ғылыми жобаларды дайындау, тағылымдамадан өту, PhD және докторантурадан кейінгі бағдарламаларды ұйымдастыру болды. Осы оқу орнының өкілдерімен келіссөздер мен кездесулер сәтті өтті, енді біз Қытайдың жетекші университетімен бірлесе отырып, ғылыми жобалармен қатар, ғылым мен өндірістің осы салаларында мамандарды дайындауда да жұмыс істейтін боламыз.