ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының кітаптары мен мерзімді басылымдарының көрмесі

24 сәуір, 2024

2024 жылдың 24 сәуірінде халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының кітаптары мен мерзімді басылымдарының көрмесі өткен болтын.

Шараның басты қонағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы  Назарбетова Әсел Қожахметовна болды.

Көрме Халықаралық кітап пен авторлық құқықтар күні аясында ұйымдастырылып, Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты: Сапалы білімге арналған болатын.

Студенттермен кездесу барысында Назарбетова Әсел Қожахметовна Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қызметінің негізгі бағыттарын атап өтіп, мекеменің жаңа басылымдарымен таныстырды. Орталық Азия аймағындағы өзекті трендтер туралы тақырып қозғалып, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты талқыланды. Студенттер құрметті қонақтың дәрісін үлкен қызығушылықпен тыңдап, сан-салуан сұрақтар қойылды, сонымен қатар ағылшын тіліндегі кітаптарды көбірек басып шығару туралы ұсыныстар да айтылды.