«Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты Х Мерейтойлық Халықаралық жастар форум

26 сәуір, 2024

2024 жылдың 25-26 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты Х Мерейтойлық Халықаралық жастар форумы өтті. Конференция жұмысының аясында «Қазіргі халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері және тұрақты даму мақсаттары» тақырыбындағы секция халықаралық қатынастар факультетімен ұйымдастырылды. Секция факультет деканы Лейла Деловарованың төрағалығымен жүргізілді. Негізгі ұйымдастырушы ретінде деканның орынбасары Нуриддин Сұлтанмұратов болды.

Форумның соңында қатысушыларды марапаттау рәсімі болып, көрсетілген секция бойынша халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Нұрсұлтан Серікбай (І орын), Айша Нұрбай (II орын) және Даяна Тұрарбекова (III орын) жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды.