«Кітап оқу - рухани кемелденудің көзі»
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 24 сәуір күні орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ТДМ 4 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушыларымен «Кітап оқу - рухани кемелденудің көзі» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: тыңдаушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ кітап оқу арқылы ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын, сөздік қорын молайту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту болып табылады.
Шара барысында тыңдаушылар өздеріне ұнаған кітаптарды (Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары», Б.Соқпақбаев «Менің атым қожа», ) таңдап алып, бірдей уақытта кітап оқыды. Бұл жоба тыңдаушылар үшін өте тиімді және қызықты болды, алдағы күндерде шара өз жалғасын таппақ. Осындай жобалар тыңдаушылардың кітап оқу белсенділігін арттырады.