«QazaqGeography» бастамасымен елімізде алғаш рет Қазақстанның алғашқы географиялық диктанты өтті.

26 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық Университетінің, география және табиғатты пайдалану факультетінде Қазақстан географиясы
бойынша бірінші рет өткен “АЛҒАШҚЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ДИКТАНТ” іс шарасы өтті!

Аталмыш шараның мақсаты – географиялық білімді насихаттау және еліміздің тұрғындары мен қонақтары арасында Қазақстан географиясын зерттеуге қызығушылықты арттыру.

Географиялық диктант қатысушылардың ойлау қабілетін дамытып, географиялық білім беруді жүйелейді. Сонымен қатар, бұл шараға қатысу - білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың еліміздегі білімі мен мәдениетін дамытудағы белсенді рөлін көрсетеді.

Диктант оффлайн форматында өтіп, мұнда әрбір қатысушы қазақ және орыс тілдерінде еліміздің географиясы бойынша білімін тексеруге мүмкіндік алды.

Диктант анонимді өтіп, тіркелу кезінде әрбір қатысушыға оның нәтижесін білуге болатын бірегей код берілді. 2024 жылдың 26 сәуірінде нәтижелер «QazaqGeography» Instagram аккаунтында сәйкестендіру нөмірлері бойынша жарияланады. Шара соңында барлық қатысушыларға «QazaqGeography» сертификаттары мен журналдары табыс етілді.