АКХжСЭТ кафедрасындағы Қайырымдылық күні

15 наурыз, 2024

2024 жылдың 15 наурызында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы «Қайырымдылық» күнін атап өтті. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, мейірімділік пен тату көршілікті, достықты кең пейілділікті насихаттайтын күн. Осы орайда кафедра студенттерге арнап дастархан жайып, кафедраның ақсақалы Әзімбек Қоқанбайұлы және басқа оқытушылар батасы мен тілегін айтты. Іс-шара тұрақты даму мақсаттарының 11-бағыты «Тұрақты қалалар және елді мекендер» (11.2.6 Мәдени мұраны есепке алу және сақтау) аясында ұйымдастырылды.