Дөңгелек үстел «Гендірлік теңсіздік деңгейін төмендету»
2024 жылдың 23 cәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына орай және тұрақты дамуды іске асыру шеңберінде 5-мақсат: "Гендерлік теңдік" орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен философия және саясаттану факультетінің "6В03101 – Әлеуметтану" мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен бірге SDG 5 аясында «Гендірлік теңсіздік деңгейін төмендету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл пікірталас барысында келесі тақырыптар көтерілді: гендірлік теңдік түсінігі, оның бүгінгі таңдағы көрсеткіштері, бұл мәселені шешудің әртүрлі жолдары мен басқа елдер практикасы. Іс-шараға қатысушылар біртұтас команда ретінде бірлесіп жұмыс істеді және әйел мен ер адам мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті азайтып, бірдей мүмкіндіктерін кеңейту, оның экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды жеделдетуде шешуші рөл атқаратындығы туралы талқылады. Тұрақты даму мақсаттары аясында, осы гендерлік теңдікке байланысты туындайтын, мәдени нормалар мен тең құқыққа кедергілер, сондай-ақ стереотиптер ықпалын ескеріп жұмыла күш салып, шешу, мақсатқа жетудегі бастапқы қадамдардың бірі екендігі айқындалды.
Бұл тақырып қазіргі уақытта өзекті болып табылатын гендерлік теңсіздік мәселесін көтереді. Жынысы, ұлты, діліне қарамастан әр адам осындай жағдайға тап болады. Әйелдер мәселесін қарастырсақ та, олар халықтың едәуір бөлігін құрағанымен, әртүрлі формада олардың толыққанды әлеуметтік және экономикалық прогреске жету мүмкіндіктері шектеулі.
Ұйымдастырушылар: Койлыбаева С. С., Демченко А.С.