1.05.2024 ж. Куратор-эдвайзер, доцент м.а., PhD Утегенов А.У. бастауымен №127 «Физика және нанотехнология» және №225 «Электроэнергетика» БББ студенттерімен «Тұрақты даму мақсаттарының» 3-ші «Жақсы денсаулық және әл-қуат» мақсаты аясында футзал бойынша іс шарасы өткізілді.
Іс-шара мақсаты студенттік қоғамдастық үшін ұйымшылдықты алға тартып, қатысушылардың белсенді өмір салты мен физикалық дамуына ықпал ете отырып университет ортасында салауатты өмір салтының құндылықтарын насихаттау.
Бұл іс-шара қатысушылардың физикалық жағдайын жақсартуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар командалық рухты қалыптастыруға және студенттік ортада әлеуметтік байланыстарды нығайтуға арналған алаң құрды. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар арасында жалпы көңіл-күйдің жақсаруы және салауатты өмір салтына деген ынтаның артуы байқалды.