ЮНЕСКО ЖӘНЕ ИСЕСКО ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚР ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
30.04.2024. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО және ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедралары ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысына қатысты. Отырыс модераторы-Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Жанар Шайменова. ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е. Карин осы отырысты ашты. Жұмыс екі бөлімнен тұрды: 1. Мәдени мұра және табиғи мұра, 2. Климатты сақтау мүддесі үшін ғылым мен білім. Қатысушыларды – Алматы қаласындағы ЮНЕСКО -ның өңірлік кеңсесінің басшысы Әмір Пирич, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ. Умаров, құттықтады.
ҚР Мәдениет және ақпарат Вице – министрі Е. Кочетова, ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Д.Ахмед – Заки, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиев, материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитет төрағасының орынбасары Р. Музафаров, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің өкілдері және басқалар баяндама жасады.