ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Аталмыш шараға ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері, комиссия жанындағы ұлттық комитеттердің, ЮНЕСКО орталықтары мен қауымдастырылған мектептердің жетекшілері, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің өкілдері қатысып, ғаламдық гуманитарлық ұйыммен қызмет аясын кеңейту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Отырыстың алғашқы бөлімінде ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин ЮНЕСКО-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызын атап, басым бағыттарды айқындады.Қазақстан Республикасы мен ЮНЕСКО арасындағы Орталыққа қатысты келісімнің мерзімін ұзартуға қатысты құзіретті органдарға нақты тапсырмалар берді.
ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров, Алматы қ. ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің басшысы Амир Пиричотырыстың алғашқы бөлімінде ҚР аумағындағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандарды сақтау т.б. өзекті пікірлерді ортаға салды.
Ұлттық мүдденің басым міндеттерін іске асыруға Қазақстандағы ЮНЕСКО кафедралары да атсалысып келеді. ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ұлттық платформаны дамытуға үлес қосты. Кафедра жобаларының негізінде әзірленген журналистиканың ұлттық платформасы Қырғызстан мен Тәжікстанда жалғасын тапты.
Ұлттық комиссияның отырысындағы талқыланған басым бағыттар кафедраның болашақ қызметінде көрініс табады.