17-наурыз ҚазҰУ-да Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалында кафедрамыздың аға оқытушысы, PhD Мәткерім Базаргүлдің ұйымдастыруымен ғылыми жоба бойынша шағын ғылыми семинар өтті.

17 наурыз, 2024

Бүгін ҚазҰУ-да Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалында кафедрамыздың аға оқытушысы, PhD Мәткерім Базаргүлдің ұйымдастыруымен ғылыми жоба бойынша шағын ғылыми семинар өтті. Семинарға филиалдың атқарушы деректоры Соңг Чинг, деканның орынбасары Беисов Нyрбол, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі PhD Сатымбеков Максатбек, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен PhD Нуртас Марат және филиалда оқып жатқан магистранттар қатысты. Семинарда 4 магистрантардан жасақталған ғылыми зерттеу тобына ғылыми жоба бойынша түсіндірілме жұмыстары жүргізілді және зерттеу бойынша бағыт-бағдарлар берілді. Басшылар берліген ғылыми зерттеу тақырыбының қазіргі кезде өте өзекті және қатежетті екені жеткізді. Сонымен қатар, магистранттар да тақырыпқа байланысты тапсырмаларды уақытында орындап, жақсы нәтижелер көрсетуге тырысатындарын білдірді. Семинар соңында қатысушылар фотоға түсіп естелік қалдырды.