“Компьютерлік инженерия” мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жасалынды.

15 наурыз, 2024

15 наурыз Қазақстан халқы үшін «Қайырымдылық» күні деп тағайындалды. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.  Осы мерекеге орай кафедрамыздың “Компьютерлік инженерия” мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жасалынды.