ТДМ 4: Сапалы білім аясында «Жаһандану жағдайында білім берудің мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері» тақырыбындағы көшбасшылық дәріс

3 мамыр, 2024

2024 жылдың 3 мамырында Халықаралық қатынастар факультетінде "Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма" мамандығының 2-3 курс студенттерімен Зипа-Алуа Аузованың  ТДМ 4: Сапалы білім аясында «Жаһандану жағдайында білім берудің  мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері»  тақырыбы бойынша көшбасшылық ашық дәрісі өтті. 

Зипа-Алуа Аузова мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелеріне, атап айтқанда Абай Құнанбаевтың "Қара сөздер"аудармасы мен Абай өлеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Студенттер инновациялық технологиялар, аударманың перспективалық бағыттары, аудармашы қызметі мен шетелдегі білім берудің стратегиялық дамуының негізгі бағыттары бойынша сұрақтар қойды. Сондай-ақ, З.Әуезова студенттермен мансаптық өсу мен шығармашылық жетістіктерімен, жеке тәжірибесімен бөлісті.