1.05.2024 ж. Компьютерлік ғылымдар мамандығының екінші (II) курс қазақ бөлімі студенттері «Мөлдір бұлақ» тақырыбындағы тазалық жұмыстары жүргізілді.

1 мамыр, 2024

1.05.2024 ж. Компьютерлік ғылымдар мамандығының екінші (II) курс қазақ бөлімі студенттері «Мөлдір бұлақ» тақырыбындағы тазалық жұмыстары жүргізілді. Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғаны баршамызға мәлім. Бұл экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, компьютерлік ғылымдар мамандығының студенттері «Мөлдір бұлақ» тақырыбын жалғастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «өзендер мен көлдер және тау бөктеріндегі сарқырамалардың ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керектігін атап өтті. Азаматтарымыз табиғаттағы қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.

«Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады. Осыған орай, Алматы облысы, Қарасай ауданында «Мөлдір бұлақ» апталық акциясы аясында Қаскелең шатқалында Қаскелең өзенінің жағлауында тазарту жұмыстарын жүргіздік. Бұл іс-шарада тұрақты даму мақсаттары бойынша студенттер өздерінің табиғат тазалығы үшін жан-ашырлықтарын білдіріп белесене жұмыс атқарды.

Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, адамдардың табиғат Жер анасына деген мәдениеттілігінің өлшемі.

Атқарушы: Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Шинасылов Ш.Ж.