27.04.2024 ж. Компьютерлік ғылымдар мамандығының екінші (II) курс қазақ бөлімі студенттері «Таза өлке» тақырыбындағы тазалық жұмыстары жүргізілді.

27 сәуір, 2024

27.04.2024 ж. Компьютерлік ғылымдар мамандығының екінші (II) курс қазақ бөлімі студенттері «Таза өлке» тақырыбындағы тазалық жұмыстары жүргізілді. Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғаны баршамызға мәлім. Бұл экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, компьютерлік ғылымдар мамандығының студенттері «Таза өлке» тақырыбынан бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен тау бөктерінің таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керектігін атап өтті. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.

Осыған орай, Алматы облысы, Қарасай ауданында «Таза өлке» апталық акциясы аясында Қаскелең шатқалына қарасты аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргіздік. Бұл іс-шарада тұрақты даму мақсаттары бойынша студенттер өздерінің табиғат тазалығы үшін жан-ашырлықтарын білдіріп белесене жұмыс атқарды.

Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.

Атқарушы: Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Шинасылов Ш.Ж.