"6В03102-мәдениеттану" білім беру бағдарламасы бойынша ХVI Республикалық пәндік олимпиада өтті

29 сәуір, 2024

2024 ж. 29-30 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы  «6В03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізді. Іс-шара университеттің 90 жылдығы аясында Тұрақты даму мақсаттары, "Сапалы білім беру" мақсаты негізінде жүзеге асты.

Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болды.

Республикалық олимпиада І-ші кезеңінің (университет ішіндегі) нәтижелері бойынша бекітілген университеттің конкурстық комиссиясынан шешімімен құрылған келесі командалар арасында өтті:

Қырандар командасы, жетекшісі  Искакова Зауреш Сабырбековна Торайғыров университеті

"Ойжеткен" командасы, жетекшісі Әбдібек Арайлым Дастанқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 «Bolmys»  командасы, жетекшісі Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 "Жерұйық" командасы, жетекшісі Кудерина Айжан Нұрхамитқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау тәртібі 1, 2, 3 орын алған республикалық олимпиаданың жүлдегерлері Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Іс-шараның келесі күні Алматы қаласындағы мәдени-танымдық іс-шаралармен жалғасын тапты.

Іс-шараның ұйымдастырушысы: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева Айнур Дурбеленовна

 оқытушы Кудайбергенов Сергазы Ережепулы

докторанттар және магистранттар.