ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат
2024 жылдың 14 наурызында PhD, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы Ханиев Б.А. бастауымен «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» БББ 2-курс студенттерімен №3 ТДМ «Жақсы денсаулық және әл-қуат» аясында мини-футбол бойынша іс шарасы өткізілді.
Іс-шара мақсаты студенттік қоғамдастық үшін ұйымшылдықты алға тартып, қатысушылардың белсенді өмір салты мен физикалық дамуына ықпал ете отырып университет ортасында салауатты өмір салтының құндылықтарын насихаттау. Жалпы футбол – студенттерді, мұғалімдерді және түлектерді біріктіретін ең танымал спорт түрлерінің бірі, өйткені бұл жер бетіндегі ең жақсы доп ойыны.
Бұл іс-шара қатысушылардың физикалық жағдайын жақсартуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар командалық рухты қалыптастыруға және студенттік ортада әлеуметтік байланыстарды нығайтуға арналған алаң құрды. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар арасында жалпы көңіл-күйдің жақсаруы және салауатты өмір салтына деген ынтаның артуы байқалды.