«ҚР 100 ҮЗДІК СТУДЕНТІ»

2 мамыр, 2024

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті Қуаныш Нұрай Сағидоллақызы Астана қаласында «Bilim-orkenieti» Ұлттық Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы «Әділетті Қазақстанның тірегі - адал жастар» атты республикалық форумында «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ» төсбелгісі мен куәлігіне ие болып, I дәрежелі дипломмен марапатталды!

«ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына студенттік шақта жастар саясатының дамуына үлес қосқан және қоғамдық істерге белсене атсалысқан студенттер қатысты. Екінші кезеңге жолдама алған «ҚР 100 үздік студенті» жеңімпаздарға арнайы тағайындалған марапаттармен марапатталды.