Халықаралық қатынастар және Аймақтану бойынша XVI Республикалық студенттер олимпиадасы

4 мамыр, 2024

2024 жылдың 4 мамыр күні Алматы қаласында AlmaU университетінде Халықаралық қатынастар және Аймақтану бойынша XVI Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Б.З.Бюжееваның жетекшілігімен қатысқан “Фараби дипломаттары” командасының мүшелері Ғалымұлы Жанболат, Базарбай Бектай және Узакбаева Гульвира ІІ орын Дипломымен марапатталды. Команда капитаны Жанболат Ғалымұлы “ең үздік спикер” Дипломымен марапатталды.