ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

3 мамыр, 2024

Акция аясында ҚазҰУ-да сенбілік ұйымдастырылып, қалашық аумағы қоқыстардан тазартылды. Тазалық шарасына университет басшылығы, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлері, 16 факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.

Ақпараттық жүйелер кафедрасының ПОҚ құрамы мен студенттер сенбілікке белсене қатысып, университет ауласының тазалығына өз үлестерін қосты.