9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

9 мамыр, 2024

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагерлер қауымы!

Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды. Мемлекет бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырлардың ерлігі – бүгінгі және болашақ Отан қорғаушылар үшін шынайы үлгі-өнеге», – деп атап өтті.

Ұлы Жеңіс біздің отаншылдық рухымызды күшейтіп, бейбіт қоғам орнатуымызға тұғыр болды.

Қазақстандық жауынгерлердің Екінші дүниежүзілік соғыста асқан ерлік танытқаны тарихтан белгілі.

Соғыс жылдарында университеттен 287 қызметкер мен студент майданға аттанды. Көпшілігі ерлікпен қаза тапты. Батыр әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Қазіргі уақытта университетіміздің мақтанышына айналған 19 тыл еңбеккері, 6 Ауған соғысының жауынгері бар.

«Ел – ерлерімен еңселі».

Майдангерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі ешқашан ұмытылмақ емес.

Ардагерлеріміз қашанда жоғары құрметке лайық.

Ел болашағы үшін атқарған игі істеріңізге алғыс білдіріп, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.

Ел іргесі бүтін, бейбітшілігіміз баянды болсын!

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры  

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ