Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ардагерімен кездесу аясындағы іс-шара

30 сәуір, 2024

30.04.2024 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің исламтану және дінтану білім беру бағдарламасы бойынша магистранттары Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, PhD доктор, доцент Әкімханов Асқар Болатбекұлымен кездесу ұйымдастырды. Аталмыш кездесу магистранттардың жетекшілері Балтымова М, Борбасова Қ, Тунгатова У, Аманқұл Т, Мұқан Н, Қаңтарбаева Ж, Утебаева Д бастамасымен жүзеге асты. Кездесуде Асқар Болатбекұлы қазақ даласындағы сенім мектептерінің қалыптасуы мен діни мәтіндерді түсінудегі ақыл рөлі атты тақырыпта лекция оқып, қатысушылардың сұрағына жауап берді. Кездесу соңында қонағымыз өз қаламынан шыққан туындыларды сыйлық ретінде үлестіріп, ішіне жүрек-жарды тілегін жазды.