Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне экскурсия

1 мамыр, 2024

1 мамыр 2024ж. педагогикалық тәжірибе аясында  Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6В03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне  экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер А.Байтұрсынұлының отбасы, оның достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттары және фотосуреттерімен танысты.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, филос.ғ.к. Жаркимбаева Д.Б. және мәдени антропология мамандығының 1-курс магистранты Алимхан А.Б.