ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ТДМ 3 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану» клубының ұйымдастыруымен шетелдік тыңдаушылар өлкетануға саяхатқа шығып, Салауатты өмір салтын ұстанған кафедра тыңдаушылары «Спорт денсаулықтың кепілі» ұранмен ашық аспан астында волейбол, ұлттық ойын тоғызқұмалақ, шахмат сынды спорттық ойындар жарыс өткізді.
Шараның мақсаты: болашақ дене шынықтыру пәнінің мамандығына баратын тыңдаушыларға спорт саласына алғашқы қадамы және шетелден келген тыңдаушылардцң қоғамға үйренісу, салауатты өмір салтын насихаттап, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану іс-шараларға жұмылдыру болып табылады. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласы жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің университетімізде спортпен шұғылдануға жағдай жасалған.