Құрлық экожүйелерін сақтау

22 сәуір, 2024

Тұрақты даму мақсаты “Құрлық экожүйелерін сақтау” бөлімінің бас мақсаттарының бірі:  
* 2030 жылға қарай шөлейттенуге қарсы күрес жүргізіп, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіріп, бүкіл әлемде жердің нашарлауына жол бермеуге тырысу;
Осы мақсатқа жету үшін ҚазҰУ Бейіндік мектебінде 22 сәуір сенбілік өткізілді. 
Сенбілікке біздің мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене атсалысты, әрбір бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектеп ұстаздары мен оқушылары да барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді.