Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар

23 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебі Тұрақты даму мақсатының “Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар” бөлімі бойынша 23.04.2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінде құқық негіздері пәнінің мұғалімі Дәулетиярқызы Кәмшат 9”А”ХБ сынып оқушыларымен “Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Балалар сабаққа белсенділік танытып, ұстаздарының сұрақтарына жауап беріп, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып отырды. Осы шара барысында 
* Барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және ашық мекемелер құру;
* Қоғамның барлық топтарының қатысуымен барлық деңгейлерде өкілді органдардың жауапты шешім қабылдауын қамтамасыз ету сынды мақсаттарға қол жеткіздік.