Бизнес-инкубатор

24 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің 90 жылдығына арналған Студенттер мен жас ғалымдардың үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеу мақсатында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық
ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторларының инновациялық жобаларының конкурсы
өтті. 
Бұл жобаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектеп оқытушысы биология ғылымдарының кандидаты Каупенбаева Роза Басаргабызовнаның басшылығымен Бейіндік мектеп оқушылары “Влияние биологически активных добавок на здоровье человека” атты жоба ұсынды. Жоба тұрақты даму мақсатының «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бөліміне сәйкес негізгі мақсатты басымдылыққа алды: 
* Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды, оның ішінде қаржылық тәуекелдерден қорғауды, сапалы негізгі медициналық-санитариялық қызметтерге қол жеткізуді және қауіпсіз, негізгі дәрілік заттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
* Барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің, ерте ескерту, тәуекелдерді азайту және ұлттық және жаһандық денсаулық тәуекелдерін реттеу саласындағы әлеуетін арттыру
Осы мақсатқа жету үшін оқушыларымыз аянбай еңбек етіп, ғылымның дамуына өз үлесін қосуда