«Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығы»

30 сәуір, 2024

30.04.2024 сағат 10.00-де 428 аудиторияда орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Х. Салханованың басшылығымен 17-орнықты даму мақсатындағы серіктестік ТДМ талқыланды. Талқыланатын тақырыптың өзектілігі іс-шараның 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналуына байланысты. ТДМ 17 аясында «Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығы» тақырыбы қаралды. Іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылып, «Шетелдік филология» мамандығы бойынша оқитын Түрікменстан студенттері қатысты. Студенттер Матякубова Сурайе, Махмұжанова Маржон, Намазова Джерен, Пиргражданова Медина және басқалар Түркіменстанның білім беру жүйесі, тұрақты даму мақсатындағы екі елдің ынтымақтастық бағдарламасы туралы айтып берді. Студенттер Ораев Роман, Назарова Огулшат, Мурадова Сахра, Навризбаев Боният таныстырылымдарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусы аумағында түсірілген бейнематериалдарды көрсетті. Студенттер университет басшылығына Қазақстан Республикасында сапалы жоғары білім алуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушы: Ж.Х. Салханова.