География және табиғатты пайдалану факультеті контингентінің Masaryk университетінің (Чехия Республикасы, Брно қаласы) делегациясымен кездесуі

15 мамыр, 2024

     2024 жылғы 15 Мамырда білім беру саласында және ғылыми бағыттарда ұзақ мерзімді байланыстар орнату шеңберінде география және табиғатты пайдалану факультетіне Чехияның Брно қаласынан келген Масарук университетінің делегациясы келді. Атап айтқанда, делегация құрамында Petr Kubíček - ғылым факультетінің деканы және Milan Konečný-Геоинформатика және картография зертханасының меңгерушісі болды.
     Сапар геодезия, картография және геоақпараттық ғылымдар саласында ұзақ мерзімді байланыстар орнатуды көздейді және ғылыми саладағы ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға, ПОҚ мен білім алушылардың ғылыми және академиялық тағылымдамаларымен алмасуға бағытталған.