профессор  Есбол Усимбекович Жамалбеков атындағы оқу аудиториясының ашылу салтанаты өтті

17 мамыр, 2024

17.05.2024ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ геогррафия және табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор  Есбол Усимбекович Жамалбеков атындағы оқу аудиториясының ашылу салтанаты өтті. Аудиторияның ашылу лентасын Басқармасы мүшесі – операциялық қызмет  жөніндегі проректор Еркін Дүйсенов мен Топжар Есболұлы Жамалбеков қиды. Аудиторияның  демеушісі: Жамалбеков Есбол Үсімбекұлының ұлы “Шонжы АГРО” және “Ассорти Ранчо” ЖШС құрылтайшысы Жамалбеков Топжар Есболұлы.