ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

19 мамыр, 2024
  1. Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен бірге «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 
  2. Оқу ордасының басшысы Солтүстік-батыс политехникалық университетінің вице-президенті Юэ Сяокуймен кездесу өткізді.
  3. Ректор Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов және іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі менеджер Шон Перейрамен жүздесті. 
  4. Жансейіт Қансейітұлы Сергей Христолюбовтың «ҚазҰУ-дың 2024 жылғы әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингтеріндегі нәтижелері – QS WUR by Subject 2024» тақырыбындағы дәрісіне қатысты.
  5. ҚазҰУ ректоры шығыстану факультетінде «Араб тілі мен мәдениеті» залын ашты. 
  6. Жансейіт Түймебаев білім ордасына жұмыс сапарымен келген Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Хунг Джун бастаған делегациямен келіссөз жүргізді.
  7. Білім ордасының басшысы Чехияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Павел Шепеляк бастаған делегациямен кездесті.
  8. Ректор тарих ғылымының докторы, профессор Уахит Шалекеновтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Археология, этнология және музеология контексіндегі тарих ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі. 
  9. Жансейіт Түймебаев Халықаралық Гуджранвала ғылым, өнер және технология институтының ректоры және Sialkot университетінің басқарма төрағасы Файсал Манзур бастаған делегациямен кездесті. 
  10. Оқу ордасының басшысы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болып, қабылдау комиссиясының дайындығымен танысты.
  11. Жансейіт Түймебаев Steppe Global Education білім беру орталығының басшысы, Халықаралық білім беру институтының (IIE) Орталық Азиядағы өкілі Джоэл Эриксон және «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаевпен кездесу өткізді.
  12. Ректор түркітанушы, филология ғылымының докторы, профессор Алтай Аманжоловтың 90 жылдығына арналған «Аманжолов оқулары – 2024» I халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда баяндама жасады. 
  13. Жансейіт Түймебаев қалашықтағы жатақханаларды аралап, қызметін тексерді.
  14. ҚазҰУ басшысы қалашықта құрылысы жүріп жатқан «Farabi HUB» орталығының құрылыс барысымен танысты.
  15. Оқу ордасының ректоры Әзірбайжанға жұмыс сапары аясында Баку мемлекеттік университетінің ректоры Элчин Бабаевпен кездесті.