"Шығысты оқы, таңырқа!" атты тақырыппен дәріс өтті

20 мамыр, 2024

2024 жылдың 18-мамыр күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының оқытушысы Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы «Отбасы хрестоматиясы» қорының жанынан құрылған «Білгім келеді» танымдық клубында «Шығысты оқы, таңырқа!» атты тақырыппен дәріс оқыды. «Білгім келеді»  клубы 10 жылға жуық жұмыс істеп келе жатыр.  Жиын Alatau Creative Hub-та өтті. Бұл Алматы қаласының жастары көп жиналатын орындардың бірі. Дәріске қаламыздың ЖОО студенттері, мектептердің жоғарғы сынып оқушылары мен олардың ата-аналар қатысты. Дәріс барысында шығыстану мамандығының шығу тарихы, бүгінгі жағдайы мен болашағы және факультетіміздің тарихы мен оқытылатын мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушылары факультетімізде оқытылатын мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар мен бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасуына қатысты сұрақтар қойды. Ержан Әбдірайымұлы қойылған сұрақтарға жан-жақты да тыңғылықты жауап берді.