
«6D074000/8D07113 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар(химия бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бакболат Багланның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Суды ыдырату арқылы Н2 алуға арналған фотокаталитикалық материалдарды синтездеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ШЖҚ РМК «Жану проблемалары институтында» орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Жумабеков Алмар Жумагалиевич – PhD, «Торайғыров университеті» қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ., Қазақстан);
- Сериков Тимур Маратович – PhD, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Молекулярлық нанофотоника институты қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Султанов Фаиль Разифович – PhD, Назарбаев Университеті қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан);
- Ксинтай Су – Оңтүстік Қытай технологиялық университеті профессоры (Гуанчжоу қ., Қытай).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы – х.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Инженерлік технологиялар» кафедрасы профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан);
2. Хайруллин Сергей Рифович - х.ғ.д., профессор, РҒА академигі, «РҒА Сібір бөлімшесінің көмір және көмір химиясының Федералдық зерттеу орталығы» (Новосибирск қ., Ресей);
3. Кабышев Асет Маратович – PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасы қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан);
4. Бондарь Екатерина Александровна – PhD, "Физика-техникалық институт" ЖШС аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
5. Кедрук Евгения Юрьевна – PhD, Қазақстан-Британ техникалық университеті аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2024 жылдың 25 маусым сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар мен нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн, офлайн) түрде өтеді.
Подключиться к конференции Zoom:
https://us02web.zoom.us/j/84334984730?pwd=MndxaXlrdEdWNDI5L2U1Z0NPUUIrZz09
Идентификатор конференции: 843 3498 4730
Жергілікті этикалық комиссия қортындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


