
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «8D05105 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мәлік Ажар Мәлікқызының «Тұрақты органикалық қосылыстармен ластанған топырақтарды биоремедиациялауда деструктор микроорганизмдерді қолдану технологиясын жасау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Сармурзина Зинигуль Сериковна – биология ғылымдарының кандидаты, биотехнология зерханасының меңгерушісі, «Микроорганизмдердің Республикалық коллекциясы» (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.07 – Микробиология.
2. Туралиева Мөлдір Алибековна – PhD, Әуезов университеті, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент қ., Қазақстан) Мамандығы: 6D060100 – Биотехнология;
Ғылыми жетекшілер:
1. Абдиева Гулжамал Жанадиловна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Казақстан);
2. Темиз Артманн Айшегуль – Аахен Қолданбалы Ғылымдар Университеті, Биоинженерия институтының профессоры (Аахен қ., Германия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Абилев Серикбай Каримович – биология ғылымдарының докторы, профессор, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Мәскеу қ., Ресей);
2. Алмагамбетов Каиртай Хамитович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Өндірістік микроорганизмдер биобанкінің меңгерушісі, «Микроорганизмдердің Республикалық коллекциясы» (Астана қ., Қазақстан).
3. Науанова Айнаш Пахуашовна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Топырақтану және агрохимия кафедрасы, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (Астана қ., Қазақстан).
4. Сартаева Ақмарал Алтынбековна - биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. (Алматы қ., Казақстан);
5. Баймаханова Гуль Бекарыстановна – PhD, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының микробиология бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Казақстан);
6. Спанкулова Гульжан Абикулкызы – PhD, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, экология және ауылшаруашылық микробиологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Казақстан).
Қорғау 2024 жылы 26 маусымда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «8D05104 – Генетика» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті (офлайн/онлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/85196032809?pwd=XUblpejDyJbLkN0xXNYOS8c4oXFxHA.1
Конференция идентификаторы: 851 9603 2809
Жергілікті этикалық комиссия қортындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


