БЛАГОТВОРИТЕЛЬНАЯ АКЦИЯ «МИР НЕ БЕЗ ДОБРЫХ ЛЮДЕЙ» К НОВОМУ 2024 ГОДУ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ «СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЙ ДОМ РЕБЕНКА» УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

23 желтоқсан, 2023

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІ" ҰЙЫМЫ ҮШІН ЖАҢА 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН "ӘЛЕМ ТОЛЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

 

2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласында жаңа 2024 жыл қарсаңында қайырымдылық акциясы басталды, оның бастамашысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің "Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары болып табылады.

           Акцияның мақсаты-жаңа жыл қарсаңында сәбилерге, жетім балаларға, туғаннан төрт жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.

Биылғы жылы кафедра командасы акция аясында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, тәттілер табыс етті және рұқсат етілген қажетті тауарлар тізіміне сәйкес балалар үйінің әкімшілігіне дәрі-дәрмектер, жаялықтар мен күтім заттарын тапсырды.

         Бұл бастаманы демеушілер де қолдады, ал бұл біздің достарымыз бен әріптестеріміз: "Темір жол" АҚ (Алматы қ.), "Отбасы банк" АҚ, "Форте Банк" АҚ (Алматы қ.), "Aport Mall" СОО (Алматы қ.), "Western" медициналық орталығы (Атырау), ауруханалар, емханалар, стоматологиялық клиникалар, (Алматы қ.), "Олимп" КДЛ (Алматы қ.), "Professional" Ұлттық үздіксіз білім беру орталығы (Алматы қ.), "Астана медицина университеті" КЕАҚ (Астана қ.), Қазақстан-Ресей медициналық университеті (Алматы қ.), Satbayev University (Алматы қ.), "ДДСҰ" АҚ (Алматы қ.), Алматы менеджмент университеті (Алматы қ.), Халықаралық бизнес университеті (Алматы қ.) және басқа да достарымыз бен серіктестеріміз.

         Қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырған және жүргізген кафедра қызметкерлері мен студенттері әкімшілікпен рұқсат етілген бірнеше сағат ішінде балалармен сөйлесіп, оларға тәттілер беріп, олармен ойнап, жаңа жыл қарсаңында қызықты уақыт өткізді. Балалар өте риза болды және ұзақ уақыт қоштасқысы келмеді.

Балалар үйі әкімшілігінің атынан "Cаясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" кафедрасына алғыс хат табысталды.