«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Murager» білім беру гранттарын ұсынады

27 мамыр, 2024

ҚазҰУ-дың студенттері табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын «Murager» әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Компания бөлімшелері бар аймақтардағы (Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары) 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған.

Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Олардың тізімі және өзге де мәліметтер бағдарламаның ресми сайтында (https://murager.kazatomprom.kz) және @muragerprogram Instagram парақшасында жарияланған.

«Murager» бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар келесі оқу жылында да оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Өтінімдер 2024 жылғы 14 тамызға дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23.59-ға дейін) қабылданады.