ҚазҰУ-да білім беру бағдарламаларының еуропалық сапасы

20 қазан, 2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриат және магистратураның сегіз білім бағдарласына EUR-ACE сапа белгісі тағайындалды. Сертификат еліміздің индустриалды-инновациялық бағытына сай мамандар дайындауға арналған.

EUR-ACE – инженерлік білім берудің жоғары сапа көрсеткіші, ол түлектерге Еуро Одаққа мүше елдерде танылуға мүмкіндік береді.

EUR-ACE аккредитациялау үлгісін техника саласына байланысты біліктіліктің еуропалық жүйесіне сай бакалавр және магистр деңгейіндегі білім беру бағдарламаларын бағалауға пайдаланылады. Сонымен қатар EUR-ACE сапа белгісі инженерлік білім беру бағдарламаларының стандарттарға сай екеніне кепілдік береді.

«Енді білім беру бағдарламаларының EUR-ACE сапасымен оқыған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері «Еуропалық Инженер» кәсіби атағын алып, еуропалық инженерлер регистріне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл сөзсіз мамандардың қоғамдағы орнын айқындап, жұмысқа орналасу кезінде таңдаудың артуына септігін тигізеді», -деп атап өтті ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор Дархан Ахмет –Заки.

Бұдан бұрын, білім беру бағдарламаларын жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында ҚазҰУ басқаратын ЖОО Консорциумы ENAEE бірлестігімен келісімге қол қойған болатын. Ол EUR-ACE­­­ сапа белгісін ала отырып, инженерлік және жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға және инженерлік аккредитацияланған бағдарламаларының жалпы еуропалық регистріне енуге бағытталған.

ENAEE – Еуропа кеңістігінде жоғарғы білім беретін инженерлік ұйымдардан тұратын халықаралық аккредитацияланған агенттіктер желісі. Аккредитация нәтижесінде ENAEE EUR-ACE Label сапа белгісін және халықаралық ENAEE сертификатын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ENAEE-ге инженерлік білім беру саласындағы аккредитацияланған 13 жетекші агенттік мүше.

ҚазҰУ баспасөз қызметі

8(727) 377-3148