Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы «Жаңашыл Педагог — 2024» байқауында жеңіске жетті

30 мамыр, 2024

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңашыл Педагог — 2024» атты республикалық байқауында Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы Әлімбай Алмас Медетжанұлы топ жарды. 
Республикамыздың педагогтері арасында байланыс орнату және педагогтердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау мақсатында өткен конкурс жеңімпаздарын марапаттау 29-мамыр 2024 ж. Астана қаласында өтті. Қорытынды конференция асында Алмас Медетжанұлына І дəрежелі Республикалық диплом, арнайы төсбелгі және «ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ — 2024» статуэткасы табысталды. 
Тұрақты даму мақсаттарының 4 мақсатына сәйкес, қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Сондықтан да сапалы білім беретін педагог даярлау мәселесіне ерекше мән берілуде. Осы бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін дамытуда Алмас Медетжанұлына мол табыс тілейміз.