«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

4 маусым, 2024

География және табиғатты пайдалану факультетінің,

Картография және геоинформатика кафедрасының

Геодезия және картография мамандығының

1-курс (1,2,3 топ қ/б) студенттеріне

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

атты тақырыпта 04.06.24 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық рәміздер күніне орай  тәрбие сағаты өткізілді.

      Мақсаты: Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

      Тәрбие сағаты  ҚазҰУ қалашығында,  бейбіт көк аспанымыздың астында,  әдемі табиғатымыздың  аясында, оқу практика барысында өткізілді. Студентерімізге ұлттық рәміздерге байланысты сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алдық.

      Сонымен қатар студенттеріміз әнұранымызды шырқап,  ұлттық мақтанышымыз – мемлекеттік рәміздерге құрметін көрсетті.

      Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.