ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ТМД-НЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

7 маусым, 2024

Сәуір айының соңында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық жоғары оқу орындарының ректорлары мен декандары форумының Үйлестіру кеңесінің бастамасымен ТАСС ақпарат агенттігінің 120 жылдығына арналған Тұңғыш шығармашылық байқау жарияланды.

Байқауға қатысушыларға «ТМД кеңістігінің ақпараттық үдерісіндегі ТАСС» тақырыбында шығармашылық тапсырма берілді. Байқауға қатысушыларғатарихы терең ақпарат агенттігінің қызметі және ТМД кеңістігіндегі ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын әңгімелеп,эссе дайындау ұсынылды.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментімен бірлесіпстуденттерге кеңес беріп,шығармашылық мамандықтар педагогтарының шеберлік сабақтарын өткізді. ҚазҰУ студенттеріжазғы сессияны жауып үлгерместен қолдарына қалам алды. Конкурс талаптары өте қатаң: түпнұсқалық, сонылық, зерттеліп отырған мәселелерді талдау тереңдігі, тіл мен стильдің кемелдігі, образды ойлау мен позициясы.

Мәскеуде жаздың алғашқы күндеріне дейін ТАСС-тың штаб-пәтерінде әртүрлі елдерден келген студенттердің ең сауатты, мазмұнды эсселерін сараптап, іріктеу үшін қызу жұмыс жүріп жатты. Бәйге қорытындысы да жарияланды: жеңімпаздар – журналистика факультетінің студенттері Аружан Естемес (ғылыми жетекшісі, профессор Н.Т. Шыңғысова) және Анжелика Дейхина (ғылыми жетекшісі, доцент Е.И. Дудинова).

ҚазҰУ студенттері өз білімдері мен шығармашылық ойлау, жазу,заманауи көкейкесті мәселелерді көре білу қабілеттерін, дәлелдеп, байқаудың (https://rectorforumcis.com/tpost/bkbldsg321-podvedeni-itogi-konkursa-dlya-studentov) ең мықты қатысушылар рейтингінде көш бастады. Студенттер уәде етілген марапат - жеңімпаздардың дипломдары мен ТАСС мерейтойлық іс-шараларына қатысу үшін Мәскеу қаласына жолдама алды.

Жеңімпаздарға табыс тілейміз, ал университетімізге гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуда, бірлескен инновациялық жобаларды, білім беру және журналистік байланыстарды кеңейтуде жемісті еңбек тілейміз!