“Далина – I том Шабандоздың құрбандығы” кітабының тұсаукесері

7 маусым, 2024

07.06.2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде француз жазушысы Анна Ак Куу ұсынған “Далина – I том Шабандоздың құрьандығы” кітабының тұсаукесері өтті.

 Анна Ак Куу орыс тілінде "Далина  - I том Шабандоз құрбандығы" атты кітабын жазып, басып шығарған. Бұл фантастикалық кітап болашақ туралы, 16-25 жас аралығындағы жас қыздарға арналған. Қиялға толы фантастика жанрда болса да, кітапта Орталық Азия, соның ішінде Қырғызстан туралы айтылып, бостандық, мәдениетаралық қарым-қатынас және адам құқықтары секілді тақырыптар қозғалады.