ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми-зерттеу форумы өтеді
26 қыркүйек-28 қыркүйек
2024 жылдың 26-28 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-зерттеу форумы өтеді. Шара ҚазҰУ мен Солтүстік-батыс политехникалық университеті арасындағы тұрақты халықаралық ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады.
Форумда қамтылатын тақырыптар:
• Құрылымның қалыптасу процестері
• Фазалық-құрылымдық ауысулар
• Электрондық процестер
• Функционалды материалдар мен жабындар
• Наноматериалдар және нанотехнологиялар
• Материалдарды жобалау үшін жоғары өнімді есептеу және модельдеу
• Жоғары өнімді тәжірибе және ақылды өндіріс
• Гендік инженерия материалдарын қолдану
• Биомедициналық және мультимедиалық ақпаратты өңдеу
• Domain Specific Architecture (DSA), Circuit and Accelerator
• Интеллектуалды ақпараттық жүйелер және киберфизикалық жүйелер
• Жүйелерге арналған жасанды интеллект және жасанды интеллектіге арналған жүйелер
Комитет таңдаған және конференцияда ұсынылған мақалалардың шектеулі саны (жарияланбаған жаңа материалдар) Web of Science жүйесінде индекстелген Recent Contributions to Physics журналында немесе Web of Science және Scopus жүйелерінде индекстелген International Journal of Mathematics and Physics журналдарда жарық көреді.
Форум тілі – ағылшын тілі
Тезисті тапсыру мерзімі – 15.08.2024 ж.
Тезистің қабылданғаны туралы хабарлама – 01.09.2024 ж.
Конференцияның қорытынды бағдарламасының жариялану мерзімі – 15.09.2024 ж.
Жиналған мақалаларды таңдалған журналдарда жариялауға қабылданғаны жайлы хабарлама – 30.10.2024 ж.
Университет сайтының факультет парақшасында толық ақпарат ұсынылған.
1-секцияның конференц-менеджері: Ph.D Пешая Светлана
Мобильді телефон (whats app): +77051968268
Email: Peshaya.Svetlana@kaznu.kz
2-секцияның конференц-менеджері: Ph.D Чжао Дауэи
Email: zdw@nwpu.edu.cn
Конференция секретариаты: Қапанов А.С.
Мобильді телефон: +7(747) 507-07-27
Басқа хабарландырулар
15 қыркүйек-17 қыркүйек
«Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді
15-17 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
8 қыркүйек-12 қыркүйек
28 тамыз
BASF MINING SOLUTIONS ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИС ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ
2025 жылдың 28 тамызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жоба.