ҚазҰУ профессоры ҚР ҰҒА академигі атанды

26 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы, профессор Тілекқабыл Рамазанов  «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академиктерді сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғанын хабарлап, тізім жариялаған болатын.

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бір топ ғалым ҚР ҰҒА  академигі атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорын шын жүректен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі