«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясындағы ақылы тағлымдама

25 маусым, 2024

Біздің биылғы (2023-2024) оқу жылының түлектері жас мамандарды дамытуға арналған бағдарлама аясында табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі № 1 компанияда АҚЫСЫ ТӨЛЕНЕТІН тағлымдамадан өте алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жас мамандарды дамытуға арналған жыл сайынғы «Izbasar» бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Жоба аясында ЖОО түлектері ротация шеңберінде ақысы төленетін тәжірибеден өтіп, бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Барлық жол шығыны мен тұру ақысын компания төлейді.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Қазақстан Республикасының азаматы

2. Географиялық мобильдікке дайын

3. ЖОО түлегі

Басым бағыттағы мамандықтар: Экономика және қаржы; Уран өндіру және өңдеу; Геологиялық барлау; ЯОЦ; Ғылыми қызмет; IT және киберқауіпсіздік; Экология және қоршаған ортаны қорғау (HSE); HR, маркетинг.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру туралы және өзге де мәліметтерді жобаның ресми сайтынан https://izbasar.kazatomprom.kz/ru және @Kazatomprom@muragerprogram Instagram парақшасынан біле аласыз.

Өтінім 2024 жылғы 4 шілдеге дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23:59-ға дейін) қабылданады.