ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
студенттері, магистрант-докторанттары!
Сіздерді Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз», - деп бүгінгі мерекенің маңызын ашып көрсетті.
Бүгінде ҚазҰУ-дың Арт-орталығында өнерлі студенттерге арналған «Домбыра» үйірмесі жұмыс істейді.
Аталған үйірмеге факультеттерде білім алатын 80-ге жуық студент қатысады.
Биылғы оқу жылында концерттік және оркестрлік 30 домбыра сатып алынды. Сондай-ақ шертер, қылқобыз, жетіген, дауылпаз, тайтұяқ, шаңқобыз, сылдырмақ, сыбызғы аспаптары жаңартылды.
Болашақта да ұлттық құндылықтарымызды қолдау, түрлі аспаптарда ойнайтын білім алушы жастарға жағдай жасау жұмыстары жалғаса беретіні сөзсіз.
Халқымыздың бай тарихынан, түрлі кезеңінен сыр шертетін күй-толғаулар мен жыр-дастандар құлағымыздан кетпесін!
Қасиетті ұлттық аспабымыз – домбыра төрімізден түспесін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ