"Eurasian Centre for People Management" сараптамалық компаниясының жобалар жетекшісі Қайым Сұлтанбекпен "Қазіргі кезеңдегі ҚР сыртқы саясаты" тақырыбында кездесу

16 шілде, 2024

2024 жылдың 16 шілдесінде Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының докторанттары "Eurasian Centre for People Management" сараптамалық компаниясының жобалар жетекшісі Қайым Сұлтанбекпен "Қазіргі кезеңдегі ҚР сыртқы саясаты" тақырыбында  кездесуге қатысты.

Кездесу сұрақ - жауап форматында өтті.

Сарапшы кең ауқымды тақырыптарды қамтитын зерттеу жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері, мемлекетіміздің көпвекторлы сыртқы саясаты, Еуразиядағы қазіргі жағдайдың күрделі турбуленттілігі мәселелері талқыланды. PhD сараптамалық клубының аясында зерттеу жүргізудің көптеген әдістері (далалық, кабинеттік зерттеулер, фокус-топ, дискурс-талдау, терең сұхбат және т.б.) қарастырылды.