Кореялық студенттердің Қазақстан мұражайларына саяхаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр шығыс кафедрасының 2024 ж. 5 тамыз бен 29 тамыз аралығындағы жаздық курс аясында кореялық студенттер Қазақстанның мәдениеті мен тарихын тереңірек білу мақсатында Қазақстанның мұражайларымен танысты.
Жаздық курс координаторлары кореялық студенттерді Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына апарды. Студенттер ең алдымен мұражайдың археологиялық топтамасындағы көшпенділердің өмірімен танысуды бастаса, екіншіден, Қазақ хандығы кезеңімен танысты. Одан кейін Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен этнографиясы жайындағы материалдарды тамашалады. Ары қарай мұражайдың экспозициялық залы Қазақстанның жаңа тарихының қазіргі кездегі саясатын, ғылым мен мәдениетінің дамуынан сыр шертетін мәліметтерге қанық болды.
Саяхат барысындағы кореялық студенттер тамашалаған мұражайлардың бірі Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы. Ол мұражай Орта Азиядағы халық музыкалық аспаптарға арналып ашылған жалғыз мұражай. Мұражайда студенттер сазсырнай, жетіген, шаңқобыз сияқты қазақ халкының ұлттық аспаптарымен танысты.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореядан келген білім алышылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биологиялық мұражайының теориологиялық, орнитологиялық, энтомологиялық бөлімдерімен танысты. Студенттер Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, ландшафты туралы керекті мәліметтер алып, мұражайдың журналында өз алғыстары мен тілектерін жазып қалдырды.
Қазақстан мұражайларына саяхаттау арқылы шетелдік студенттер Қазақстанды жаңа қырынан танып, өздеріне керекті мәліметтер алды деген үміттеміз.
Қиыр Шығыс кафедрасы
Серикбаева З.А., Белялова А.Е.