Тіл – ел жүрегі
2024 жылдың 9 қыркүйегінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасының «Екі шет тілі» мамандығының 1 курс, қазақ тобы студенттерімен «Тіл – ел жүрегі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің мемлекеттік және әлем тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық мәдени мұра арқылы патриоттық сезімді ояту және тілдің адамзат үшін маңыздылығын тереңірек түсіндіру. Іс-шара Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Тілдер фестивалі» шеңберінде өткізілді. Кафедра меңгерушісі мен оқытушылары қонақ ретінде қатысты.
Ұйымдастырушы: «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері мен Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, топ эдвайзері Карымхан А.А.
Басқа жаңалықтар
21 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024