АЭС мәселесі қозғалды

23 қыркүйек, 2024

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған елімізде Атом электр стансасын(АЭС) салуға қатысты өткізілетін жалпыхалықтық референдумға байланысты Журналистика факультетінің "Халықаралық журналистика" мамандығының 1 курс студенттері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта елімізде АЭС салудың тиімділігі мен пайдасы туралы кеңінен сөз болды. Бұдан бөлек 1 курс студенттері өз бетінше слайдтар әзірлеп, тақырыпты жан-жақты аша білді. Сұрақ-жауап ретінде пікірталас ұйымдастырылып, екі топ арасында жарыссөзге ұйымдастырылды. Кураторлық сағат қорытындысы бойынша студенттер алдағы референдумға бір кісідей қатысатын болып келісті.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация

кафедрасының аға оқытушысы Жылбек Керімбек