2024 жылдың 25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - нің Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының -1-3 курс студенттернің ұйымдастыруымен "Тілдер фестивалі " атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараны факультет деканы профессор Сайрамбаева Ж.Т. құттықтау сөзбен бастады.
Іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты жас ұрпақты ана тілің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.
“Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы тіл” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай мемлекет үшін, ұлт үшін тілдің мүддесі қашан да биік! Тіл - әрбір елдің жаны. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік даму көкжиектерін кеңейте түскен ағылшын тілі де қоғамда қолданыста. “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй,көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең меншк сүй” деп Абай атамыз айтқандай, ән мен күй адам өміріне жаңа сезімдер сыйлайтын ғажап күш. Тілді білу, оны құрметтеу, меңгеру - біршама білімді қажет етеді. Білімнің қашан да тұғыры биік.
Мерекелік іс-шара 200 конференц залда өтті. Студенттер дайындаған әртурлі тілдерде музыкалды номерлер дайындады, оның ішінде қытай, ағылшын, испан және француз тілдерінде болды, шешендік қабілеттерін көрсете отырған танымдық ойындар ұйымдастырды. Викторина сұрақтар сайысы мерекелік іс-шараны жандыра түсті. Тілдер фестивалінің іс-шарасы студенттерге өз білімдерімен бөлісіп қана қоймай, тілдер мен мәдениеттерге деген қызығушылық, сонымен қатар жастарды жаңа тілдерді және т.б. үйренуге шабыттандырды. Нәтижесінде мәдениетаралық диалогты нығайту және университеттің әлеуметтік өмірін байытуда шара өз үлесін қосты.
Мерекелік іс-шараны қорытындылай келе, дипломатиялық кафедраның доценттері А. С. Смағұлова және К. К. Смағұлова сөз сөйледі. Іс-шара өте танымды, қызықты, пайдалы өтті. Дипломатиялық аударма кафедрасы факультеттен қатысқан барлық студенттер мен оқытушыларға алғыс білдіреді.